Текст
Бүгін 7 «а» сыныбында ағылшын тілі пәнінен ‘Entertainment and art’ бөлімі бойынша, ‘Focusing on TV programs and Films’ атты ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ жаңа мазмұндағы білім беру жүйесіне сай өткізілді. Пән мұғалімі Курмашева Аңсаған Нұрболатқызы сабақ барысында оқушыларға қызықты тапсырмалар беріп, олардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырта алды.
Сабақ шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін ағылшын тілінде білдіріп, екі топқа бөлініп басталды.
Оқушылардың жазылым, оқылым, тыңдалым, сөйлесім дағдыларын дамытылды. Топтық жұмыс пен және жұптық, жеке жұмыс жасалынды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтілді. Оқушылар бұл сабаққа белсене ат салысып, өз білімдерін шыңдады.