«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отчет учебно-методической работы

Оқу-әдістемелік  жұмыс

Өзін -өзі бағалау мазмұны

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына критерийлер:

білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарының,сабақ кестелерінің,

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының болуы және оларға сәйкестігі жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру білім алушылардың субъективті жаңа білімді меңгеруі

  1. Білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспары

Мектептің оқу жұмыс жоспары білім беру ұйымының жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық база негізінде әзірленген.

2023-2024 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары:

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»  ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.

«Білімді ұлт. Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.10.2021ж. №726 Қаулысы 

«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.

«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқуағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен)

 Даярлық сынып бойынша: «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады.

Бастауыш білім беру деңгейі бойынша: Мектептегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы      Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы  2023 жылғы 18 тамыздағы № 264 бұйрығының  1,2-қосымшасы енгізілген өзгерістермен)  үлгілік оқу жоспарларына сәйкес оқу-жұмыс жоспары жасалды.

1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері,  3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», «Ана тілі» пәндері оқытылады.

Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша: мектептегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқуағарту министрінің 12.08.2022 ж №365 бұйрықтың) 6,7- қосымшаларының негізінде оқу –жұмыс жоспары жасалды.

Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша: 30.09.2022 ж. №412 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларының 86- қосымшасының қазақ тілінде оқытатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына  сәйкес оқу-жұмыс жоспары жасалды. 

2023-2024 оқу жылында Елікті ауылының ЖОББ мектебінде 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10- қазақ сыныптары және 1,3,5,6- орыс сыныптары оқытылады.

Мектеп құрылымы анықталды

1-4 сыныптарда оқу жоспарлары мыналарды көздейді:

Инвариантты компоненттің есебінен:

- бастауыш мектептің жалпы білім берудің базалық компонентін толық сақтау

        Бастауыш білім беру деңгейінің оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарында вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:

         1-сыныпта-1сағат «Ғажайып математика» үйірмесіне;

         2-сыныпта-2сағат «Ғажайып математика», «Көркем жазу» үйірмесіне;

         3-сыныпта-1 сағат «Математика өмірде» үйірмесіне;

         4-сыныпта – 1 сағат «Қызықты математика» үйірмесіне берілді.

        1-4 сыныптарда оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтарға берілді.

5-9 сыныптар (жалпы білім беретін сыныптар):

Оқу жоспарлары мыналарды көздейді:

Инвариантты компонент есебінен негізгі мектептің базалық компонентін толық сақтау іске асырылады;

Вариативті компоненттің есебінен:

- 5а,б,6а,б,7-8а- сыныптарында" жаһандық құзыреттілік " курсынына 0,5 сағат берілді.

 9-сыныпта "Жаһандық құзыреттілік" курсына 1 сағат берілді

10- сыныпта – жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік сыныптар

оқу жоспары мыналарды көздейді:

Инвариантты компонент есебінен  10- сыныпта 1 сағат "жаһандық құзыреттілік" курсына, эллективті курс бойынша 2 сағат физика пәніне «Электр құбылыстары мен болашақ энергиясы» курсын оқуға берілді.

Мектепте білім беру процесі 5 күндік оқу аптасы бойынша жүзеге асырылады.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

 

2023-2024 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары негізінде  сабақ кестесі жасалды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 71-тармағына сәйкес сабақтың ұзақтығы 45 минутпен бекітілді.

СанПИН-нің 72-тармағына сәйкес апталық оқу жүктемесі  СанПИН-нің 3-қосымшасында көрсетілген нормалардан аспады. Кестедегі сабақтар саны ата-аналар комитетімен,қамқоршылық кеңес төрағасымен келісілді.

СанПИН-нің 73-тармағына сәйкес бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілген жоқ.

СанПИН-нің 74-тармағына сәйкес мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланды.

Жаңартылған күні: 06.11.2024 11:26
Құрылған күні: 06.11.2024 11:26

Текст