Балалардың жүздерінен бал бұл жайнаған бақытты сәтіттерін көру және оның куәсі болу қандай тамаша сәт десеңізші.Мұғалімдер ұжымы оқушыларын тек білімге ғана емес, сондай ақ тәрбие және демалыс кезеңдерін ұйымдастырып, керек кезінде ақылшы да болады.Елікті ауылының жанында орналасқан Елікті тауындағы «Elikti park» демалыс орыны Елікті орта мектебі оқушыларын 2019 жылдан бастап екі жыл көлемінде осы аталмыш демалыс орынына «Бір күндік» дамалыстарын ұйымдастырып отыр.Ақпанның жетінші жұлдызында мен де 7-8 сынып оқушыларын демалуға апарын оқушыларымның қуанышты сәттеріне куә болдым.Сағат 12.00 ден 16.00 ге дейін парктің барлық ұжымы бізді қарсы алып шығарып салғанша жанымыздан табылып жақсы демалуларымызға барлық жағдайды жасады.Нақтылап айтатын болсам барғаннан кейін бізді мұзда сырғанауға апарды инструкторлар барлық қауіпсіздік ережелерімен таныстырып біздің жанымыздан бір сәтке кетпеді.Бір сағаттық сырғанаудан кейін түскі тамаққа барын кейіннен шаңғымен сырғанадық.Демалыс кезінде уақыт жарықтық ерекше зымырайтыны белгілі ғой,кететін кездің келгенін байқамай қалыппыз.Осы бір күндік қызығы мен қуанышқы толы бақытты сәтіміз үшін біз Elikti parkine мың алғыс айтқымыз келеді.Ерекше алғысымызды осы дамалыс орнының директоры Анара Жақсылықовнаға және осы парктің барлық ұжымына білдіріп дендеріне саулық жұмыстарына табыс тілегіміз келеді.