Текст
Дәстүр бойынша 1 қыркүйек күні біздің мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оқушылар сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті мұғалімдерімен кездесуге қуанды. Мектеп директоры Каймульдина Б.Б. балаларды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс тіледі. Мерекенің құрметті қонақтарынан да құттықтаулар айтылды.