«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Елікті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Еликти отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл дарын-2019

25.02.2019

Үштілділік – заман талабы.


 

Білекке сенген заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенген заманда,

Қапы қалып жүрмелік.


 

Абылай хан


 

Үштілділік - заман талабы. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » деген болатын.

Елбасының сындарлы саясатының астары өте тереңде. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік елге айналуымыз керек. Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін қажет екенін естен шығармайық. Әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалыс қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз керек. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

16 ақпан күні Зеренді ауданында М.Ғабдуллин атындағы  жалпы білім беретін орта мектебінде «Рухани жаңғыру »бағдарламасы бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында «Тіл дарын-2019 » аудандық байқауы өткізілді.Осы байқауға мектебіміздің 8 сынып оқушысы Рахманова Гүлназ қатысты.Атап айтатын болсақ, сайыста 9 номинация бойынша : Полиглот»  , «Мәдениеттаным», «Ұлттаным»,  «Тең шарттарда диалог құру», «Түйіндеме»  «Ең үздік мәнерлеп оқушы», «Экскурсия жетекшісі», «Үздік каллиграфист»  осы тапсырмаларды оқушылар үш тілде орындады.Гүлназ сайыстан 2 орынды иеленді. Гүлназды осы жеңісімен құттықтаймыз.Ол оқу екпіндісі,мектебіміздің белсендісі,дарындысы үміт артатын оқушымыздың бірі.

Болашағымыз осы ұрпақтарымыздың қолында . Ең бастысы жүрегі «Отаным, Қазағым, Тілім» деп соғатын ұлттық сана – сезімі жоғары, ұлтжанды оқушылар тәрбиелеу.

Қоғамдық-гуманитарлық бірлестіктің жетекшісі :

Сатубаева Айгерім Өмірханқызы                               

Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст