Мұрағат көрмесі
Қараша айының 15 күні Березняковка орта мектебіне Зеренді аудандық мемлекеттік
мұрағат қызметшілері «Ұлт болашағы: Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында көрме ұйымдастырды. Көрмені Зеренді
мемлекеттік мұрағатының директоры Сейфуллин Тілеген Ержігітұлы мен мұрағат
маманы Жүсіпбеков Дархан Мұратбекұлы
бастап келді.Мұрағат 1917жылдан бастап жұмыс жасайтындарын және бұнда жоғарыда аталған жылдан бергі
құжаттардың сақталғанын жиналған
оқушылар мен ауыл тұрғындарына
түсіндіріп берді.
Бұл көрмеден оқушыларымыз Зеренді
ауданына қатысты көптеген тарихи
құжаттармен танысып, мол ақпараттар алды.Кейбір қарт тұрғындарымыз көрмедегі
көне фото-суреттерге қарап, өз
жастық шактарын еске түсіріп, бір жасап
қалды.Көрмеде қойылған әрбір фото-суреттер ауданымызға маңызды деп танылған барлық құжаттардың
сыры жайлы Төлеген Ержігітұлы мен Дархан Мұратбекұлы көрмені
тамашалаушыларға айттып берді.Бұл шара
,әсіресе, мектеп оқушыларының көңілінен шықты. Осындай игі іс шараны сапалы әрі
қызықты ұйымдастырған Садовый аймағының
әкімі Әжібаев Серік Қайсарбекұлы мен мұрағат директоры Сейфуллин Төлеген Ержігітұлына
алғысымыз шексіз.